Арқалықта бір аптаның ішінде 2 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады
2014 ж. 25 сәуір
6390
0
Арқалық қаласындағы білім ордаларының 8 және 9 сыныбында оқитын екі бірдей жасөсірім қыз өз-өзіне қол жұмсады.
Олардың біреуі бес қабатты үйдің болконынан секіріп кетіп аман қалса, 9 сыныптың оқушысы осынау оқиғадан соң араға 1 күн салып, өз үйінің жуынатын бөлмесінде асылып қаза тапты.
Қалалық ішкі істер басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, өз -өздеріне қол жұмсаған жасөспірімдердің екеуіде дәулетті отбасының балалары. Қазіргі таңда олардың мұндай жағдайға баруына қандай себептер түрткі болғаны анықталуда.
5 -ші қабаттан құлап, түрлі жарақаттармен қалалық аурухана жеткізілген 8 сынып оқушысы қазір есін жиып, тілге келді. Ол өзінің осындай қадамға баруын ата-анасының жеткілікті көңіл бөлмей, балаларын алалап жақсы көретіндігімен түсіндірген.
Ал, өз үйінде асылып көз жұмған 9 сынып оқушысының қазасы түсініксіз жағдайда қалып отыр. Бар болғаны марқұмның өлім алдында қалдырған бір жапырақ тілдей хабары.
Онда “Менің өліміме ешкім кінәлі емес” делінген. Қайтыс болған оқушы қыздың сыныптастары мен ұстаздары үздік оқуы мен тәртібінің арқасында өзі білім алған мектептің мақтанышы болғанын алға тартуда.
munara.kz