Аурухана ауласынан мәйіт табылған

DАуруханада жоғалған науқастың мүрдесі ауладағы қар астынан шықты. " Астана"  арнасына астаналық Жанатқали Сағынбаев есімді азамат шағымданды.

Белгілі болғандай, ол осыдан бір ай бұрын өз ағасын ауруханаға орналастырған. Алайда бір күннен кейін дәрігерлер ағасы емдеу орталығынан қашып кеткенін хабарлапты. Жоғалған пациентті тәртіп сақшылары да жиырма күннен астам іздестірген, бірақ нәтижесіз. Ал кеше аурухана ауласын қардан тазалаушылар науқастың мүрдесін тауыпты. Бақытжан Орынбаев есімді азамат бір ай бұрын болмашы күйікпен ауруханаға түседі. Бауырының айтуынша, оны дәрігерлер қабылдап алған. Тіпті қажетті медициналық тексеруден өткізген. Алайда сол күні екі сағаттан кейін дәрігерлер өздері хабарласып, науқастың жоғалып кеткендігін баяндаған. Өз беттерінше іздестіру шаралары нәтиже бермеген. Дәрігерлердің бұндай салғырттығына шағымданған інісі өткен аптада біздің арнамызға келіп көмек сұраған-ды. "Ол бір күйікке бола мүмкін емес қой қашып кетуі. Өзі жатам, емделейінші деп келген адам. Бәріне жаздым арыз, енді оның бәрінен маған нақты жауап келген жоқ", - дейді Бақытжан Орынбаевтың ағасы Жанатқали Сағынбаев. Арада бір ай өтті. Жоғалған адам табылды. Бірақ ауруханада емес, моргта болып шықты. "15 ақпан күні телефонға звондап осындай кісілеріңіз табылды деді. Содан кейін біз больницаға барайық па деп едік, жоқ моргқа кел деді. Сонан кейін барсақ иә, ол біздің туысымыз екен", - дейді марқұмның інісі. Кейіннен науқастың белгісіз жағдайда аурухананың терезесінен құлап қалғандығы белгілі болды. Туыстарының болжамы бойынша ол қатты аязда қатып қалу салдарынан қайтыс болған. Бауыржан Орынбаевтың мүрдесі аурухана аумағындағы қарды тазалау кезінде табылған. "Моргқа барғанымда жиырмасына дейін ериді дейді. Мұз болып қатып қалған, сүйегіне дейін қатып қалған дейді ғой. Сол жиырмасында сараптама жасаймыз", - дейді Жанатқали Сағынбаев. Астанадағы бірінші қалалық емханаға барған біздің түсірілім тобы бас дәрігерді орнынан таппады. Аурухана қызметкерлері дәрігердің жиналыста екенін жарыса айтты. Осылайша қамқорлық сұраймын деп қайғылы оқиғаға тап болған отбасы енді әділдік іздеуде. Осы ретте біздің арна мәселенің мән жайын анықтау үшін Ішкі істер органдарына арнайы сұраныс жіберген еді. Алайда бүгін бізге Астана қалалық Ішкі істер департаментінен жазбаша түрде құрғақ жауап келді. Іс қозғалған, жедел тергеу жалғасып жатыр деген.

nur.kz