
Алматы облысының Кербұлақ
ауданынан қару-жарақ арсеналы табылды.
Мол қару-жарақ қоры екі аяғы жоқ
адамның қора-қопсысында сақталып
келген. Қосауыз аңшылық қаруы, екі шолақ
мылтық, атыс қаруының тетіктері, оқ-
дәрілер, жүзден астам патрон, гильзалар мен
қолдан жасалған пышақ табылды. Сарыөзек
ауылының 52 жастағы тұрғынына қатысты
ҚР ҚК 251 бабымен қылмыстық іс қозғалды.