Еліміздегі ең ұзын теміржол
2013 ж. 21 тамыз
9110
0
Қазақстанда ұзындығы 1,2 мың км темір жол салынады. Еліміз теміржол желісі мен инфрақұрылымына зор мән беруде. Жыл сайын Қазақстанда 1500 шақырымнан аса автомобиль жолы жөндеуден өткізіледі. Тәуелсіздік жылдары 1200 шақырым теміржол салынды, бүгін 1200 шақырым теміржол салынбақ. Көршілес елдердің бірде-бірінде мұндай көлемде жол салынған жоқ. Сонымен қатар, біз вагондар мен локомотивтер құрастыратын өз зауытымызды салып, экспортқа шығара бастадық.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ кәсіпорындары қызметкерлеріне арналған тұрғын үй кешенінің ашылу рәсіміне қатысып, көлік қызметкерлері күні қарсаңында 548 теміржолшы елордамыздағы жаңа баспанаға ие болды. Жаңа қоныс иелерін құттықтаған Қазақстан Президенті ел экономикасының дамуы теміржолшылар қызметіне тікелей байланысты екенін атап өтті.