Зеленский украиншаны қалай тез үйреніп алды?

Зеленский украиншаны қалай тез үйреніп алды?

Зеленский отырған жерде орысша сөйлеуге тиым салынды

Дмитрий Гордон:

- Зеленский украиншаны қалай тез үйреніп алды?

Андрей Богдан:

- Бұл менің мақтанышым. Мен Львовтікімін ғой. Үйде де, балалармен де, ата-анаммен де украинша сөйлесемін. Оның үстіне неше жыл мемлекеттік қызметте істеген тәжірибем бар.

Ана тілің қай тіл десе, қай тілде ойланасың, сол тіл дейді ғой. Сондай-ақ, қай тілде түс көрсең, сол ана тілің дейді.

Зеленский сайлау алдында украинша сөйлеуі керек болды. Ол украинша сөздерді білетін еді, бірақ сөйлеуге қиналатын. Өмір бойы сөйлемеген адам ғой. Ренжуге де болмайды.

Украинша сөйлеу керегін оған түсіндірдім. Ол мұғалім жалдағысы келді. Бірақ оған күніне бір сағат керек. Онымен қоймай, үй жұмысын орындауға тағы бір сағат керек болады. Қызық емес қой. Өзім ағылшынша үйренгенде сөйлеп жүру үйрену оңай екенін түсінгенмін.

Тіл үйренудің бірнеше кезеңі бар. Бірінші сөйлейсің, сені біреулер түзейді. Одан кейін өзіңді өзің түзей бастайсың. Сосын сол тілде ойланатын боласың.

Мен Зеленскийдің достарының бәрімен келісіп шықтым. Зеленский отырған жерде тек украинша сөйлейсіңдер дедім. Көндірдім. Сол уақыттан бастап мені олар ұнатпай қалды.

Төрт ай бойы украинша сөйледік. Зеленский отырған жерде орысша сөйлеуге тиым салынды.

Порошенко осыны біліп, дайындалған еді. Зеленскийді украиншадан сүріндірем деп ойлады. Стадионда екеуі сөйлескенде Порошенко соған дайындалып келген еді. Бірақ адам украинша мемлекеттік мәселелерді сөйлесетін деңгейге жеткен соң, ол әңгімені орысша айта алмай қалады. Ол уақытта Зеленский осындай деңгейге жеткен еді. Мемлекеттік мәселеге байланысты сөздердің тек украиншасын білесің. Бірақ ол сөздердің орысшасын білмейсің. Өзің орысша өскен адам болсаң да. Орысша түс көретін болсаң да. Зеленский Порошенкомен сөйлескенде осындай деңгейге жеткен еді.

*Андрей Богдан - Владимир Зеленскийдің сайлау алды штабының бастығы әрі президент кеңсесінің бірінші бастығы.

Арман Әлменбет,

Фейсбук парақшасынан