Алыптар кетіп жатыр - өмірден Дулат Исабеков те өтті…
2025 ж. 22 ақпан
240
0

Қазақтың классик жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиеті мен драматургиясын дүниеге танытқан дүлдүліміз Дулат Исабековтің де соңғы сағаты соғыпты…
Ұлттың сөзін сөйлеп өткен ұлы жазушымызбен бірге бір дәуір көшіп барады…
Алыптардың бізді тастап кетуі жалғасып жатыр…
Қайран, бітімі бөлек, біртуар тұлғамыз Дулат көкем-ай!
Өткенде көңілін сұрап барғанда сау күніндегідей өткір әзілімен күлдіріп отыр еді…
Қаралы хабарды қазір мемлекет және қоғам қайраткері Ислам Әбіш ағамыз айтты. Өзі жаңа ғана Шымкенттен белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіттті соңғы сапарға шығарып салып келіп, Астанадағы үйіне кірген беті екен…
Қайта жолға жиналып жатырмыз Алматыға!..
Жаназасы жексенбі күнге белгіленіпті…
Алла алдынан жарылқағай!
Қалың қазаққа көңіл айтамыз…
Отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз…
Пейіште рухы шалқысын.
Қазыбек ИСА,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты