«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»
2024 ж. 08 қараша
733
1
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу, ұлттық еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
Біл келешек ұрпаққа имандылық пен ұллтық қасиеттерді сіңіре білсек , сонда ғана ұлттық рухы дамыған , Отанының дамуына өз үлесін қоса алатын азаматтар өсіре аламыз. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды халқының салт дәстүрін жақсы білетін, саналы азамат етіп тәрбиелеу керек.Құндылық дегеніміздің өзі- тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұралар. Оларға сыйластық, имандылық, кішіпейілділік , мейрімділік, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық сынды қасиеттер жатады. Осы мақсатта мектебізде 14.10-25.10.2024ж. аралығында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бағдарламасы аясында «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» атты онкүндік іс –шара болып өтті. Іс шара барысында оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары, ұлттық спорттық ойындар , соның ішінде: арқан тартыс, асық ойнау, ақ серек-көк серек, соқыр теке, күрес, бөрік тастамақ, жорға жарыс, көкпар, теңге алу сынды ұлттық ойындарымыз ойнатылды.
Асық ойыны –қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі-ептілікке баулиды.
Арқан тарту-қазақ қалқының ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан болуы керек.
Соқыртеке-ұлттық ойын. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгеленіп тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыртеке –сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып жүреді.
Және де іс-шара соңында ұлттық тағамдарымызды дәріптеу мақсатында «Ұлттық тағамдар-ұлт мақтанышы» атты ұлттық тағамдар көрмесі болып өтті. Мақсаты: оқушылардың бойына ұлттық сезімдерді қалыптастыру, қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын бағалау, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Тағамдардың жасалу жолдарынан оүсінік беру, ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптеу.
Қазақ халқының ұлттық тағамдары мынадай түрлерге бөлінеді: сүт тағамдары, ет тағамдары, сорпа тағамдары, ұн тағамдары, дән тағамдары.
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін самалы білімнің тұғыры. Осындай іс-шараларды ұйымдастыра отырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлттық мүддені жоғары қоятын, өзінің туған жерін, Отанын қадірлейтін және оның әрі қарай дамуына серпін беретін, терең білімді, озық ойлы, адал және ұлттық болмысы айқын тұлға тәрбиелеуіміз тиіс.
Түркістан облысы Жетісай ауданы
«Х. Доспанова атындағы №28жалпы
білім беретін мектеп»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Каримова Ақмарал Нуриддинқызы