Іскерлік ұлы қасиет!
2024 ж. 22 қазан
1521
1
Іскерлік ұлы қасиет! С.Қожанов мектебінің директоры Е.Е.Бектурсынов – іскер басшы, шебер ұйымдастырушы, кәсіптік деңгейі жоғары азамат, білім саласының майталманы.
Еліміз үшінші мыңжылдыққа қадам басқан сәттен өмірінің басым бөлігін білім саласына арнаған, өзінің кәсіби біліктілігі мен еңбекқорлығын, жаңа тарихымыздың жарқын болашағы үшін, осынау күрделі салада білім мен тәрбиені жасұрпақтың бойына сіңіруде тынбай еңбек етіп жүрген ұстаз.
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті,» - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай «С.Қожанов атындағы №42 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудан көлеміндегі алдыңғы қатарлы мектептердің бірі болуына мектеп басшысының еңбегі орасан зор.
Ендеше, адамның бағасына істеген ісі дәлел, - демекші ұлағатты ұстаз Е.Е.Бектурсыновтың өмір жолына көз жүгіртіп, тұлға қалыптастырудағы еңбектеріне тоқталсақ.
Мектебімізден аудандық білім бөлімінен келген түрлі іс-шаралар мен пәндік олимпиадаларға оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындар және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Атап айтар болсақ:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Асылбеков Пердебек Егенұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Білім беру ісінің үздік қызметкері-2023» Республикалық байқауына қатысып, Қазақстан Республикасы педагогтар қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Ұстаз» орденімен марапатталды.
- «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық конкурсының аудандық кезеңінде «Сабақ аяқталғаннан соң...» бағыты бойынша қосымша білім беру педагогы Тұрсынбекова Шамшат жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасының аудандық кезеңінде география пәнінің мұғалімі Лесов Өткірбек алғыс хатпен;
- «География әлеміне саяхат» атты аудандық интеллектуалдық сайыста Тәжібаева Мадина ІІІ орын;
- Химия пәнінің мұғалімі Бурибекова Динара Алғыс хатпен;
- Математика пәні бойынша Исламова Қарлығаш ІІІ орын;
- Орыс тілі пәні бойынша «Ыбырай жазулары» дәстүрлі атты аудандық жазба жұмыстарының байқауында Рустемова Айжамал жүлделі ІІІ орын;
- «Үздік авторлық бағдарламалар» сырттай байқауында Тәжібаева Мадина Алғыс хатпен;
- Облыстық «Үздік интербелсенді сабақ 2023» байқауында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакипова Айсұлу ІІ дәрежелі дипломмен;
- «English grammar» авторлық бағдарламасы ағылшын тілі пән мұғалімдері Жакипова Айсұлу мен Сахиева Гүлжамиланың құрастыруымен ІІІ орынды иеленіп, аудан көлемінде таратуға ұсынылды;
- «Үздік бастауыш 2023» байқауының аудандық кезеңінен бастауыш сынып мұғалімі Сарманова Сауле жүлделі ІІІ орынды иеленді;
- «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының аудандық кезеңінде бастауыш сынып мұғалімі Маликова Жақсыгүл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
- «Үздік ашық сабақ» атты І Республикалық байқауда Тәжібаева Мадина Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының І дәрежелі дипломымен марапатталды;
Тәрбие саласы бойынша:
- Мектебімізде «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында аудандық семинар өткізіліп, семинарда сабақ өткен және үздік жұмыстарымен ерекшеленген төмендегі мұғалімдер:
ДТІЖО – Ж.Умарова, А. Қарабаева, аға тәлімгер Ғ.Бектаев, Тренер Анарбаева Х, сынып жетекшілер: Сарыбаева Г, Байғалиева А, Асанова Т, Құдиярова А, Орал Ә білім бөлімінің басшысы Ғ.Шукурбаеваның алғыс хатымен марапатталды.
- Би үйірмесіне қатысатын «Аяна» би тобы 2023 жылғы «Жаңа Қазақстан күшіміз бірлікте» аудандық өнер фестивалінен бас жүлдені алып, облыста өнер көрсетті. Аталған би тобы Шымкент қаласында өткен «Азия таланттары» байқауына қатысып, Ташкент қаласында өтетін Халықаралық «Азия таланттары» байқауына жолдама алды. Осы байқаудан бас жүлдені иеленіп, 2024 жылы Қырғызстан Республикасында өтетін байқауға жолдама алды.
- Мектебімізден домбыра үйірмесіне қатысатын талантты балалары облыстық «Ұлы дала дарындары» республикалық өнер байқауынан І орынды иеленіп, Өзбекстан Республикасында өтетін «Азия таланттары» байқауының жеңімпазы атанды. Нәтижесінде домбырашыларда Қырғызстан Республикасында өтетін байқауға жолдамаға ие болды.
- 10-сынып оқушысы Шайым Марал Арапқызы Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Әбсаттар Қажымұраттың жетекшілігімен «Дала данышпандары» тақырыбындағы «Қазақ хандығының басқару жүйесі және Қазақтың үш биі» атты облыстық сурет байқауына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 9-сынып оқушысы Төрехан Жасмин «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша бас жүлдені иемденіп, облыстық кезеңде алғыс хатпен марапатталды.
- Спорт және мәдениет саласы бойынша Республикалық жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен мектебіміздің 9-сынып оқушысы Ермекбаев Бексұлтан ІІІ орынды иеленді.
- Балалар туризмін дамыту мақсатында өткізілген «Біз саяхатшы жастармыз» атты туристік жарысында жеңіске жеткені үшін мектебіміздің «Сұңқар» тобы ІІІ дәрежелі дипломмен, ал оқушыларға бағыт бағдар беріп, жетекшілік жасағаны үшін География пәні мұғалімі Лесов Өткірбек Алғыс хатпен марапатталды.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша тәрбиенің басты құндылықтарын негізге ала отырып, білім алушыларды жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығы, ел тәуелсіздігін қадірлеу, ар-ұят намысты жоғары ұстау, адал еңбек пен қызмет ету, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік таныту, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық беру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Мектепте бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Даналық мектебі», «Әкелер мектебі», «Адалдық клубы» жүйелі жұмыстар атқарып, ұл мен қыздың ұлағаттылығы мақсат етсе, «Қоғамға қызмет», «Ата-ана және мектеп», «Тоғыз айға, тоғыз іс-шара», «Өзін-өзі басқару ұйымы», «Оқуға құштар мектеп» жобалары білім алушылардың өзін-өзі ұдайы жетілдіруі, жаңартылған білім мазмұнына сай білім алуы, адам мен қоғам арасындағы байланыстың дәнекері, кітап-адам өмірінің тәрбиешісі екендігінің дәлелі ретінде мазмұнды жұмыстар атқаруда.
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында:
- «Зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Буллинг пен кибербуллингке жол бермеу», «Лудомания-бала өмірінің тажалы», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес», «Бала еңбегін қанаудың алдын алу» «Нашақорлық пен спирттік ішімдіктерден сақтандыру», «Әлеуметтік желілердегі алаяқтардан сақтандыру» тақырыптарындағы жүйелі жұмыстардың үздіксіз жүргізілуі 930 оқушыны қамтитын үлкен мектепте келеңсіз оқиғаларға жол бермеуі, ұстаздарымыз бен мектеп басшыларының тындырымды тірлігі мен демалыссыз еңбегінің нәтижесі.
- Сонымен қатар «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құрылған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасы негізінде орталық құрылды. Орталық балалардың әл ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзіреттерін дамытуды ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетілуде.
- Білім алушыларды тәрбиелеуде білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-ана жауапкерішілігін арттыру жүзеге асырылуда.
Мектеп мұғалімдері және оқушылар арасында ауданда өткен Республикалық пән олимпиадалары бойынша:
- Физика және информатика пәні бірлестігі бойынша аудандық пән олимпиадасынан мұғалімдер арасында М.Рахметова ІІ орын иеленгені үшін, ал Э.Жұмабекова, С.Еген, М.Омарбеков және Б.Сәдібеков аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
- Оқушылар арасынан Физика және информатика пәні бойынша аудандық пән олимпиадасынан «Абай» олимпиадасынан Өткірбекқызы Бану ІІ орын, Физика пәні бойынша А.Сайлаубай І орын, Қ.Аманқұл ІІ орын, А.Қасқарбек ІІ орынды иеленді.
- «Үздік» олимпиадасынан Информатика пәні бойынша 8 сынып оқушысы А.Қазбек ІІ орын, Физика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Н.Әбдішайх ІІ орын, 7 сынып оқушысы Н.Қонай І орын, 7 сынып оқушысы К.Анарбай І орын, 10 сынып оқушысы А.Базарбай ІІ орын, 10 сынып оқушысы А.Сайлаубай ІІ орын, 10 сынып оқушысы Ә.Қасқарбек ІІ орын, 10 сынып оқушысы М.Сәрсенбай ІІІ орын, 10 сынып оқушысы А.Дінәсілбек ІІ орын, 11 сынып оқушысы Е.Жұмаханов ІІ орын, 11 сынып оқушысы Қ.Аманқұл ІІ орын, 11 сынып оқушысы А.Қасқарбек ІІ орынды иеленді.
- Ағылшын тілі пәні бойынша аудандық олимпиададан 5 сынып оқушысы Төлебай Рысжан ІІІ орын, пән мұғалімі А.Молдабаева аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
- Облыстық «SMART сабақ-2023» байқауында ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Байгалиева ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Биология пәнінен 11 сынып оқушысы Оразалы Бану жүлделі ІІІ орынды;
- Бастауыш сыныптар бойынша «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасында 2-сынып оқушылары А.Әбдірайым І орын және 4-сынып оқушысы Ж.Жантуар, Н.Молдахан және М.Серікбайлар І орынды иеленді. 2-сынып оқушылары М.Илияс ІІ орын, С.Әзімхан ІІ орын, А.Мекембек ІІ орын, Н.Сайлыбай ІІ орынмен марапатталып, шәкірттері жеңімпаз болғаны үшін бастауыш сынып мұғалімдері Э.Қиятаева, А.Усерова, Ф.Алданова, Н.Құлмырзаевалар алғыс хатпен марапатталды.
- Республикалық «Самрұқ» математикалық зияткерлік олимпиадасынан 2-сынып оқушысы Ж.Мұсырманқұл ІІ орын, 4-сынып оқушылары Е.Тұрғанбай, Б.Сапилла ІІІ орынды иеленіп дипломмен марапатталды.
- «Бәйтерек» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы 1-сынып оқушылары С.Әзімхан, Н.Оразхан, Ж.Мұсырманқұл І орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
- «Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас» тақырыбындағы аудандық семинарда жоғарғы деңгейде ашық сабағын көрсеткені үшін аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен бастауыш сынып мұғалімі Э.Қиятаева марапатталды.
- «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше тілді меңгерген, қабілетті тұлғаны дамыту және қалыпастыру мақсатында 2-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Алтын қыран-ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасына қатысқаны үшін Полат Сара, Асан Інжу, Байболхан Балым дипломмен марапатталды.
- «Үздік сынып жетекші-2022» байқауына қатысқаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Исаева Алима аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Оқушылар арасындағы Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасынан:
- Математика пәні бойынша 6-сынып оқушысы Аманжол Дінмұхаммед және Мүсірәлі Іңкәр ІІ орынды, Қанатбек Бағдаулет және Қонай Аяла ІІІ орынды, 3 «А» сынып оқушысы Қалдарбек Ұлжан ІІ орын, 3 «Б» сынып оқушысы Құдайқұл Раяна ІІ орын, 4 «Б» сынып оқушысы Тұрғанбай Ернар ІІІ орынды иеленді;
- Шығармашыл оқушылар арасында өткізілген «Ақберен» Республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінде ақындар мүшәйрасына қатысып, 10-сынып оқушысы Әнетбек Динара жүлделі ІІ орынды иеленді;
- 8 – 11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Абай оқулары» конкурсының аудандық кезеңінен 8-сынып оқушысы Базарбай Ерсұлтан Алғыс хатпен, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оралова Айнұр Алғыс хатпен марапатталды.
- 8 – 11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңінен 8-сынып оқушысы Қалдыбек Нұрай ІІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оралова Айнұр Алғыс хатпен марапатталды.
- «Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін 8-сынып оқушысы Сламбек Айида ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оралова Айнұр Алғыс хатпен марапатталды.
- 2023 – 2024 оқу жылындағы ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 9-сынып оқушысы Қойшыбай Ақмаржан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар:
Қызылтаң елді мекенінде орналасқан қосымша ғимараттағы жылу қазандығының тозығы жеткен шатырын ауыстыру үшін аудандық білім бөлімінің тарапынан материалдар бөлдіріп, мектептің жұмысшы күші арқылы қайта жауып, жылыту маусымына дайындады.
2023 жылы қаңтар айында қыстың күрт суытуына байланысты ел ағалары, кәсіпкер демеушілердің, ұжымның ауыз біршілігі мен белсенділігінің арқасында мектептің толық жылыту жүйесіне қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мектебіміздегі оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мемлекет тарапынан бөлінген қаражат есебінен жалпы аумағы 1327 метр мектеп ауласы қоршалды.
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында мемлекет есебінен мектепті толық бақылауға алып отыратын бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Мектептің кіре беріс дәлізіне мемлекет есебінен екі дана турникет қойылды.
Мемлекет есебінен 33 комплект парта алынды.
Электр жүйесінің жеткіліксіздігі кезінде жылу мен қамтамасыз ету мақсатында электро қозғалтқыш алынып, пайдаланылуда.
Өрт қауіпсіздігі бойынша төтенше жағдайлар орын алған жағдайда ішкі істер бөліміне хабар берілетін дабыл нүктелері қойылды.
Оқушылардың таңертеңгі және кешкі мезгілдегі мектепке келіп кету кезіндегі қараңғылық білім алушылардың өміріне қауіп төндірмеу мақсатында демеушілер тарту арқылы Бірлік және Сайлау елді мекендерінің аралығына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Мектеп ауласына толық абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Қорыта айтқанда, 1969 жылдан бері 55 рет мектеп табалдырығын аттатып шәкірт жүрегіне қуаныш ұялатқан, 55 рет шәкірт ұшырған тарихы терең мектеп ешқашан өз биігінен түспек емес.
Қазіргі жаһандану дәуірінде сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады. Сондықтан жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке арқа сүйеуі тиіс, жаңаша талаптар мен үрдістерге сай, ойы озық, өресі биік, дамыған отыз елдің қатарынан орын алатын тұлға болып қалыптасуы қажет. Тарихи тұлға С.Қожановтың есімімен аталатын білім ордасының тамырын тереңге жаюында зор қызмет атқарып жүрген Е.Е.Бектурсынов ағамыздың бізге берген тәлімі де мол. Білімді ұстаздар мен талантты шәкірттерді басқару – аса жауапты әрі күрделі міндет.
Бектаев Ғалымжан
С.Қожанов атындағы №42 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Аға тәлімгері