Қайтыс болған миллиардер шопырының сөзі
2024 ж. 31 тамыз
2280
0
Үйіме теледидар кіргелі, кітап оқуды ұмыттым. Есік алдына жеңіл көлігім келіп тоқтағалы, жаяу жүруді ұмыттым. Қолыма мобильді телефон ұстағалы, хат жазуды ұмыттым. Үйіме компьютер кіргелі, уақытты бағалауды ұмыттым. Үйіме кондиционер кіргелі, тал астынан салқын көлеңке мен самал іздегенді доғардым. Қалада тұратын болғалы батпақтың, шөптің, жалпы көгалдың иісін сезуді қойдым. Банктармен, карталармен жұмыс істегелі, ақшаның қадірін ұмыттым. Духи себе бастағалы, гүлдің жұпар иісін сезбейтін болдым. Фаст-фуд пайда болғалы, асханада қолдан дәстүрлі де, нәрлі, экологиялық таза тамақ жасағанды қойдым. Үнемі жүгіріп жүріп тірлік істей беріп, тіпті тоқтауды да ұмытып кеттім. Ақырында менде WhatsApp пайда болған кезде, мен адамдармен қалай сөйлесіп, қалай араласу керек екенін ұмыттым.
Дүниеден өтсек бар тапқан ақшамыз банкте қалады.
Қызық, тірі кезімізде, жаратуға тиіс ақша таппай қиналамыз. Шындығында, фәниден бақиға аттанған кезімізде артымызда жаратылмаған қаншама қаражат қалады.
Қытайда бір бизнес-магнат қайтыс болғанында, банкте 1,9 миллиард доллар ақшасы қалады, артында қалған жесірі өз жүргізушісіне тұрмысқа шығыпты. Сол жүргізушісі: «Өмір бойы бастығыма қызмет етіп жүрдім деп ойлаушы едім... Енді қарап отырсам, бастығым мен үшін жұмыс істеген екен!!!»-депті.
Қатал хақиқат былай дейді:
Көп байлық жинағаннан гөрі, өмір сүрген артық. Сондықтан мықты да, сау тән иесі болуға әрекет ету керек, кімнің кімге жұмыс істеп жүргені маңызды емес.
Қымбат көліктің 70% жылдамдығы керек емес. Егер сіздің жеке меншік жеріңіз бен үлкен жер үйіңіз болатын болса, әдетте соның 70% алаңы дұрыс пайдаланбай тұрады. Ал гардеробыңыз қандай? Киім-кешегіңіздің де 70%-ті тозбаған болар!
Өмір бойғы жұмысыңыз бен табысыңыздың... 70%-ті басқа адамдарға арналған.
Сондықтан біз өзіміздің 30 %-тімізді қорғап, толық пайдалануымыз керек!
Ауырып тұрмасаңыз да емханаға барып медициналық анализдар тапсырыңыз.
Шөлдеп тұрмасаңыз да көп су ішіп тұрыңыз.
Күрделі мәселелер мен әділетсіздікке жолықсаңыз да, үндемей қоя салуды үйреніңіз. Өзіңдікі дұрыс боп тұрса да, келсіп жол бере сал. Өте бай, күшті болсаң да қарапайым бола біл. Тұрмысың төмен болса да, азға қанағат етуді үйрен. Қолың тимей жатса да, ақылың мен денеңді шымыр етуге тырыс. Өзіңді құрметтейтін адамдарға уақыт таба біл!
Елена Денисова
аударған Жүрсін Кәрім