Алматыда денсаулық саласына айрықша назар аударылуда

Алматыда денсаулық саласына айрықша назар аударылуда

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биыл аймақта денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 41,6% өсіп, 51,7 млрд. теңгеге жетті. 

Аталмыш қаржыға медициналық жабдықтар мен вакциналарды сатып алуға және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Ел Президенті Қ-Ж.Тоқаев алға қойған «Дені сау ұлтты» қалыптастыруға бағытталған осынау жұмыстардың барлығы халықтың игілігі үшін атқарылуда. Осындай игі істің бірі – биыл 4 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету орталығының құрылысы мен 12 емханада күрделі жөндеу жұмыстары ның аяқталуы. Аталған нысандардың барлығы халықтың саулығы үшін қызмет етпекші.

– Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымына айрықша назар аударылуда. Бұл алып мегаполис тұрғындары үшін өте қажетті нысан екені сөзсіз.

Биылғы жылы өңірде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 15,2 млрд. теңгеге өсті. Сонымен қатар, 11 жаңа Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары,емхана құрылысы мен 3 емхананы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің жобасы даярланды. Осы орайда денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары да назардан тыс қалмаған. Атап айтқанда, кадрлық әлеуетті арттыру үшін 2 632 дәрігер мен орта медициналық қызметкерді оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылуда, – дейді басқарма өкілі.

Қазақстанда алғаш рет осы жылдың маусым айында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында «Фетальді хирургия» пилоттық жобасы іске қосылып, онда жатырішілік оталар жасалуда. Иә мұның барлығы халық саулығын сақтау жолындағы атқарылып жатқан ауқымды істердің бір парасы. Қоғамның басты байлығы –адам десек, адамның денсаулығын сақтау және нығайту жолында Алматы қаласында атқарылып жатқан істер ауқымды. Әрі бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын таба бермек.

qazaquni.kz