АУЫЛЫҢНЫҢ АХУАЛЫ ҚАЛАЙ?
2023 ж. 17 қаңтар
974
0
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ежелден қалыптасып келе жатқан қауымдастық. Ауыл да тұратын адамдардың саны қазіргі уақытта бірталай көп. Табиғаты көркем, тамаша болғанымен, тұрғындардың жағдайы, тіршілігі кей жерлерде төмен болуы мүмкін. «Ауылдың жақсылығы жолынан білінер» демекші, бұл мақал ауылдың этникалық, экономикалық жағдайын және рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл өмірінде күрделі мәселелер көп екені бәрімізге белгілі. Ол жол жағдайынан денсаулық мәселесіне дейін немесе интернет сапасы, білім беру саласына дейін көтерілетін жәйт, ауыл ахуалы қаладан қарағанда төмен екені сөзсіз. Менің ойымша, бұл мәселелердің барлығы, халық талабына құлақ аспағандықтан туындаған жағдаяттар. Халық тұрақталғаннан кейін, өз жағдайын жақсы біледі деп ойлаймын. Басшыға айтылған сын халыққа да тікелей байланысты, себебі халықтың саяси белсенділігі оянса ондағы тіршілікте жанданады. «Көш жүре түзеледі» демекші, кейбір ауыл-аймақта барлық жағдай жасалған. Бұл уақыт өте келе дамыған жұмыс және халықтың, ауыл басшысының яғни әкімнің үлкен жемісі. Біздің таңдаған жолымыз – революциялық өзгеріс емес, эволюциялық даму, сол үшін уақытпен дамып, жаңа нәрсеге ұмтылып, айналамызды өзіміз өзгертуіміз қажет.
Ауылдың жақсаруы мен өркендеуі бүкіл елдің дамуы. Ауылдағы әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін тұрғындар сол жердегі барлық мүмкіндікті пайдалана білуі тиіс. Әсіресе шағын кәсіп саласында. Ауылдың мәдени деңгейін көтеру – бүгінгі таңда Қазақстанда адам капиталы дамытудың ең басты бағыттарының бірі. Ал елдің шетіндегі ауылдар көп жағдайда көзге түспей, дамусыз қалады. Неге екені белгісіз, себебі дәл осындай ауылдар ол мемлекеттің территориялық тұтастығының кепілі. Олардың көзге елеусіз қалғаны адамды қыңжылтады. Сондықтан өңірлерді дамытудың стратегиялық жоба-жоспарын жасауда шекараның шебіндегі елді мекендер естен шықпауы тиіс. Ауыл жағдайы өте даулы мәселе. Мысалы, ауыл тұрғандарын асырап отырған жалғыз кәсіп – мал шаруашылығы. Сондықтан ауыл мекендері дымысын деген ниет болса, онда олардың күретамырына қан жүгіртіп тұрған малшаруашылығына, егіншаруашылығына және өсімдік шаруалығына барынша қолдау көрсету қажет. Мысалы, мал шаруашылығын айтар болсақ, ет және сүт өндіруге немесе асыл тұқым өсіруге бағытталуы мүмкін. Дамусыздық, пайдаланылатын техника мен өндіріс құралдарына қатысты болуы мүмкін. Оларға керекті қаражат бөліп, көмек көрсетсек, ауыл аймаққа тіпті елге бұл үлкен инвестиция болмақ.
Бірақ қазіргі уақытта, 2022 жылға таман бірталай өзгерістер болды. Өндірістің қазіргі уақытта айтарлықтай өсуі, пайдаланылатын ресурстардың, яғни, жердің, малдың, кәсіпорындардың қуаттарының артуы, сондай-ақ оларды тиімді пайдаланудың тікелей әсері бар. Мысалы, соңғы бес жылда (2015-2019 жж) егіс алқаптары 5%-ға ұлғайды. Елімізде дәнді дақылдар егісінің әртараптандырылуы жүріп жатыр. Айталық, бидайдың үлесі 85,4%-дан 74%-ға дейін төмендеп кетті, есесіне арпа (8-ден 12,4%-ға дейін), жүгері (0,6-дан 1,1%-ға дейін), бұршақ дақылдары (0,5-тен 1,4%-ға дейін) өсті. Майлы дақылдар, негізінен күнбағыс өсіру азайды, бірақ, майлы зығыр өндірісі керісінше, өсуде. Жалпылай алғанда, өсімдік шаруашылығында өнім өндірісі қарқын алып келеді. Мәселен, бұршақ, қант қызылшасы, күріш, мақта, рапс, мақсары, жүзім, жеміс-жидек көлемі артты. Мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Негізгі өсім 2015-2019 жылдары байқалды, онда орташа жылдық өсу қарқыны 0,7-ден 3,2%-ға дейін құрады. Әсіресе, сиыр, жылқы және құс саны артты. Сауынды сиыр санының көбеюі өз кезегінде сүт өнімдерінің молаюына игі ықпалын тигізуде.
Ауыл шаруашылығының маңызы туралы айта кетсек, шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді сала ол ауылшаруашылығы. Сонымен қатар ол – неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын елуге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді. Сол үшін біздің ауылдық адамдарға бұл сала өте маңызды.
Ал ауыл тұрғындарының ата қонысы болған, бұрыннан ел болып келе жатқан ауылдарда ұйымшылдық, ынтымақ-бірлік бар. Мұндай ауылдарда көпті көрген ақсақалдардың, үлкендердің ақыл-кеңесімен, елге жаны ашитын, туған жерінің гулденуін қалайтын азаматтардың ұйытқы болуымен елдің біртұтастығы жоғалмай келеді. Қауымдастық кезінде олардың үлкен ауызбіршілігін байқаймыз. Бұл – іргесі берік, бұрыннан ел болып қалыптасқан ауылдардағы жағдай. Бұндай ауыл мекендердің экономикалық жағдайы да, рухани маңыздылыға да жоғары деңгейде болады.
Қашанда халқымыз үшін ауыл – алтын бесік, ұлттық құндылықтарымыздың жинағы, береке мен байлығымыздың бастауы. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған жерін барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті. Ауыл жағдайын көркейту біздің бастапқы міндетіміз.
Сонау кеңестік дәуірдегі және бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның саяси элита тарихына көз жүгіртсек, қазіргі жоғарғы басшылық қызметкерлерінің 80 пайызы ауылда еңбек еткендер екен. Елбасымыздан бастап барлық басшылар тобының көптен көп бөлігі ауылдан түлеп ұшқан тұлғалар. Бір сөзбен айтқанда, біздің саяси элитаның жарқын өкілдері де ауылдан шыққандығы көп жағдайды аңғартатыны сөзсіз. Бүгінгі жаһандануға бет бұрған әлемде біз – ауылды сақтау, ел мен жерді сақтаудың ата-бабаларымыз көрсеткен дана жолы деп қабылдауымыз керек. Ауылдан қалаға халықтың жаппай көшу салдарынан буынаралық байланыстар үзіле бастады. Ауыл тұрғындарының қатары әртүрлі себептерге байланысты қатты сейілді. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан ауыл зиялылығын құрған әлеуметтік топ түрлі факторлар себебі нәтижесінде біртіндеп азайды. Сол себепті «дипломмен ауылға» жобасы шығарылды. Ол жас мамандарды ауыл-мекен ге даярлау және жұмыспен қамтамасыз ету. Сол арқылы ауылда жас, білікті, оқыған мамандар көп болады. Әрбір қазақ өзінің өсіп-өніп шыққан ауылына игі қадамдар жасауды атамекенге деген перзенттік парызы іспетті іс санауы қажет. Ауылдың еңсесін көтеру үшін әлі де көптеген идеологиялық жұмыс жүргізу қажет. Сол кезде еліміз мәңгілік бірлікте, тәуелсіз ел болмақ.
Ауыл десе өлеңдетпейтін қазақ жоқ шығар. Ауыл қазақ үшін қасиетті мекен сол үшін ауылды сақтау қажет. Өскелең ұрпаққа, әсіресе, ауыл жастарына ауылдың керектігін, ауылға қызмет жасаудың, өркейтудің міндет екенін түсіндіру қажет. Олар елеулі жетістікке жету үшін алдына мақсат қоя білу керек. Көптеген жастарда мақсат жоқ, соның салдарынан қай жерде болмасын, белгілі бір нәтижеге жете алмай жүреді. Сондықтан да, танымал тұлғалар ауылға барып, жастарға жол көрсетіп, жөн сілтесе, қабілеттерін ашып, оларды дамытуға көмектессе мақсатшыл азаматтар қатары көбейе түсеріне кәміл сенемін.
Жалпы, Тәуелсіздігіміздің 30 жылында ұлтымыздың ұясы болған ауылдар алғашқы онжылдықта біраз қиындық көрді, ол материалдық та рухани жақтан біраз жүдегені шындық. Дегенмен еліміздің тарапынан ауылды көркейту үшін атқарылып жатқан көптеген жұмыстар мен жобалар, жақын арада нәтиже көрсетіп, аграрлық сала қайта жанданады деп сенгіміз келеді. Ауыл дамыса, мемлекет те дамиды.
Аружан МҰРАТ,
№20 орта мектептің
11 сынып оқушысы.
М.Түймебаев ауылы
Іле ауданы
Алматы облысы