Жаңа Қазақстанды Президентпен бірге құрайық
2022 ж. 07 желтоқсан
1228
1
Мемлекет басшысының кезекті қадамы... Кезекті болғанымен, бұл қадамның орны ерекше. Қайғылы қаңтар оқиғасынан кейін үміт пен күдік араласқан кезеңде, күрделі геосаяси жағдай мен ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығына қарамастан біз Жаңа Қазақстанды құруға қадамдар жасаудамыз.
Президентіміздің кезектен тыс сайлаудағы сенімді жеңісі Ұлт бірлігінің үлгісі, барлық қазақстандықтардың Әділетті Қазақстан құруға ұмтылысы болды. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр.
Бірнеше күн бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өткні мәлім. Мемлекет басшысы Халықтың сенімі – аманат, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі екенін айтып, бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышын адал өтеуге ант берді.
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру әрбіріміздің парызымыз екенін баса айтты.
Бұл – кез келген мемлекет үшін сын. Осы сынды өткере алған, өткеріп қана қоймай, бұл сындардан күшейіп шыққан мемлекеттің ғана ертеңі бар. Қасым-Жомарт Тоқаевтың интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдемін. Ең бастысы – ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын!
Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір!
Дария Қожамжарова,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы, ректор
qazaquni.kz