Қайрат ағамен түскен сапасыз суреттерді ап тастадым – Мұхамеджан Тазабек
2022 ж. 28 тамыз
957
0
Бегілі айтыскер Мұхамеджан Тазабек бүгінде қамауда отырған Қайрат Сатыбалдымен ара-қатынасы туралы айтты.
Бұл туралы nege.kz порталы хабарлайды.
– Қайрат Сатыбалдыны аға тұтатын едіңіздер. Оны қамауға алғанда неге араша түспедіңіздер?
– Қайрат аға жайында оң пікірлерім мен бауырлық көзқарастарым эфирде айтылды. Көзіқарақты жанның бәрі хабардар. Отбасымен байланыстамыз. Жеңгей тарапынан сұраныс болған барлық қажеттіліктерге қолдан келген жәрдемімізді жасап жүрміз.
– Қайрат Сатыбалдыға неге ешкім ара түспеді?
– Қайрат аға қандай сауапты садақа жасаса да, Алла үшін істеді. «Ертең мені қолдасын, мен үшін басын бәйгеге тіксін» деп ешкімді умраға апарған жоқ. Сондықтан да ағаның жәрдемін көргендер әлеуметтік желіні шулатпаса да, дұғаларында Алладан жеңілдік сұрап жүргендеріне ешбір шүбәм жоқ.
– «Қайрат Сатыбалдымен бірге түскен бүкіл суретін әлеуметтік желіден өшіріп, тазартып тастады. Бұл – екіжүзділік» дегендер бар. Солай ма?
– Сапасы төмен кейбір фотоларды ап тастағаным болмаса, негізгі бірге түскен суреттеріміздің бәрі парақшамда тұр.
Билік маңайындағылармен бизнес жасап көргем жоқ. Қайрат ағаның өзімен рухани, мәдени жобаларда рухтас болғанымыз болмаса, бірде-бір дүниелік істерде ортақ болмаппын.
Сондықтан істің соңын мейірімді Аллаға, сосын соттардың әділдігіне тапсырамын.