«ШЕТЕЛДЕ ОТЫРЫП, ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНА ТІЛ ТИГІЗУІҢ - ОРЫСҚҰЛДАРДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ ЕКЕНІ СЕЗІЛІП ТҰР, Куат Ахмет!» - Талғат Қатауов

«ШЕТЕЛДЕ ОТЫРЫП, ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНА ТІЛ ТИГІЗУІҢ - ОРЫСҚҰЛДАРДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ ЕКЕНІ СЕЗІЛІП ТҰР, Куат Ахмет!» - Талғат Қатауов

ШЕТЕЛДЕ ОТЫРЫП, ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНА ТІЛ ТИГІЗІП, АЯҚТАН ШАЛУЫҢ - АЗАМАТТЫҚ, ҰЛТШЫЛДЫҚ ЕМЕС, КӨРЕ АЛМАУШЫЛЫҒЫҢ ЖӘНЕ ОРЫСҚҰЛДАРДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ ЕКЕНІ СЕЗІЛІП ТҰР, Куат Ахмет!

ҰЛТШЫЛДАРҒА ТІЛ ТИГІЗІП ОТЫРҒАН ҚУАТ АХМЕТОВКЕ АШЫҚ ХАТ!

ҚУАТ БАУЫРЫМ, НАҒЫЗ ПАТРИОТ БОЛСАҢ, ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ БОЛСА ДА ШЕТЕЛГЕ ҚАШПАС ЕДІҢ...

Қуат Ахметов бауырым, үстімнен қылмыстық іс қозғады деп, шетелге қашып кетуің - азаматтық, патриоттық емес, таза қорқақтығың.

Дәлелмен сөйлейін. 

Қазақстанда 30 жыл бойы әділдік талап етіп, шындық айтқан азаматтардың үстерінен қылмыстық қозғайтыны үрдіске айналып кеткенін балаға дейін біледі.

Елімізде демократиялық- азаматтық қоғам орнатуға белсене атсалысып жүрген патриот азаматтар Ерғали Көлбаевтың, Нұржан Мұхамедов, Ғалымжан Несіпбаев т.б. және қытай жұмысшыларын ұлттық намыспен сабаған бес қазақ жігітінің, сондай-ақ жер дауын алғаш рет митингіде көтерген Max Bokay пен Талғат Аянның, Қайырлы Омар, Айдын Егеубаев, Раушан Қалмомынұлы тағы басқалар үстерінен саяси мәселемен қорқытып- үркіту мақсатында қылмыстық істер қозғатты. 

Елімізде ең өзекті, ең басты мәселе-2016 жер дауы басталғанда жерімізді шетелдіктерге, соның ішінде Қытай мен Ресейге 25 жылға жалға беруге ашық наразылық білдіріп, қарсы шыққанымда 5 жылда үстімнен "ұлтараздық қоздырды, жалған ақпарат таратты және қару-жарақ, оқ-дәрі сақтады" деген баптар бойынша төрт рет қылмыстық іс қозғады.  

Бірнеше рет фейсбугымды бұзып ақпараттық шабуыл жасады, қорқытты, сөмкем мен қалтама атуға жарамды автоматтың патроны салып кетіп, вокзалда тұтқындады.

Бірақ біздердің үстімізден бірнеше рет қылмыстық істер қозғалса да, сен сияқты қорқып кетіп, елімізді тастап шетелге қашпадық, жер мәселесі бойынша толық күресіп, біз бастап, халық қолдап жерді шетелдіктерге жалға беруге, сатуға заң аясында тыйым салғыздық.

БОЛАР ЕЛДІҢ БАЛАЛАРЫ БІРІН-БІРІ БАТЫР ДЕЙДІ Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін әркім өз деңгейіне, қабілетіне қарай күреседі. Сен ана тілдің мәселесін қоғамдық орындарда ғана айтсаң, Мұхтар Шахановтан кейінгі тіл көсемі Қазыбек Иса ағамыз мемлекеттік тілдің мәселесін парламент депутаты болмастан бұрында, тіл жанашыры, ұлтшыл патриот ретінде республикалық "Қазақ үні" басылым арқылы мемлекеттік деңгейде көтеріп келді.

 Қазір халық қалаулысы ретінде Парламент Мәжілісінің мінберінде Үкіметке қарата батыл көтеріп жүр.

Ал сен күлкі етіп отырған ұлтшыл заңгер Абзал Құспан ресейдің бес облысымен шекаралас Батыс Қазақстан облысында 2005 жылдан бастап мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге заң аясында атсалысып келе жатқан ұлтшыл заңгер. Сол жылдары облыстық салық басқармасының өзге де мемлекеттік мекемелердің құжаттарын сотпен мемлекеттік тілге көшіруге атсалысқан қоғам белсендісі

ШЕТЕЛГЕ ҚАШЫП КЕТІП, ҰЛТШЫЛДАРДЫ ЖАМАНДАУЫ- АГЕНТ ЕМЕС ПЕ ЕКЕН ДЕГЕН КҮДІК ТУҒЫЗАДЫ?!

 Өйткені, заңға сәйкес күдікті деп танып, біреудің үстінен қылмыстық іс қозғағанда, ешқайда кетпеу туралы қолхат алады. Үстімнен 4 рет қылмыстық іс қозғағанда солай жасаған еді.

Ал Қуат Ахметовтің үстінен қылмыстық іс қозғалса да, келесі күні шетелге кедергісіз қашып кетіп, шетелге барып алып, ұлтшылдарға қарсы шығуы - үлкен күдік туғызады.

Сен мазақ етіп, сынап отырған белгілі ұлтшыл заңгер Абзал Құспан басыңа іс түскенде, қаржылай қолдап, заңдық кеңесін беріп, бір тал шашылып түсіртпестен Украинаға ұшыртып жіберді.

Ал, Қазыбек Иса "Қуатқа қуат берейік!" деп, сені қолдап бірнеше пост, мақала жазды.

Сені қолдаған азаматтардың жақсылығын лезде ұмыту және мазақ ету, оларға жала жабу - ол азаматтық емес, бұл әрекетің таза топастық!

Қазақ тілінің мәртебесін

бірі парламентте мемлекеттік деңгейде көтеруге, бірі заң аясында шешуге алсалысып жүрген Қ.Иса мен А.Құспанға жөнсіз тиісуің-таза топастығың, ақымақтығың, іштарлығың.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІН ПАРЛАМЕНТ МІНБЕСІНДЕ ЖИІ КӨТЕРІП ЖҮРГЕН ҰЛТШЫЛ ДЕПУТАТ ҚАЗЫБЕК ИСАҒА ДӘЛЕЛСІЗ ТІЛ ТИГІЗУІҢ- ОРЫСҚҰЛДАРДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ 

  Қуат бауырым, "Болар елдің балалары бір-біріне батыр дейді" деген даналық бар. 

"Көрмес түйені де көрмес" демекші, іштарлықтан, қызғаныштан, күншілдектен және орысқұлдардың тапсырмасымен қазақ тіл мәселесін мемлекеттік деңгейде жиі көтеріп жүрген ұлтшыл депутат Қазыбек Исаға қып- қызыл жала жауыпсың.

Солтүстік өңіріміздегі жерлерге көз алартқан Ресей шовинистеріне Қазыбек Иса ағамыз жауап берсе де және парламентте мемлекеттік тілді жиі көтеріп жүрсе де, көрсоқырлықтан, қызғаныштан көрмей отырсың.

Қылмыстық іс ашылды деп, тергеуден қатты қорқып, еліңді тастап қашып кеттің. 

Енді шетелде отырып ана тілдері үшін жан беріп, жан алысып жүрген ұлтшыл депутат пен заңгерді күлкі етіп, жала жауып отырсың.

Осы ұлтшыл азаматтар Иса мен Құспанов жала жабамын деп абырой таппайсың.

Басыңа іс түскенде сені көшеге шығып қолдаған, өзің "рақмет Шымкент" деп жазған Шымкент қаласының патриоттары Ерғали Нариманұлы Көлбаев , Нуржан Мухаммедов , Габит Оразымбетов , Лима Лима , Назерке Налибай , Жанысбек Өтеген Ибрахим Әлсерке Қалмахан Омар тағы басқалар қоғам белсенділері ұлтшылдарға жала жапқаннан кейін "Қуат Ахметов елге қайтарылсын!" деп сені қолдамайтындарына 100% кепіл беремін. Өзге өңірдің ұлтшылдары да қолдамайды.

Талғат Қатауов, 

Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы

Фейсбук парақшасынан