Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтуде – Әлихан Смайылов
2022 ж. 12 қаңтар
1542
1
Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтуде. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүкіл еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз Мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек. Біздер, Үкіметтің жаңа құрамы халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономика өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер мен бұзақы, тонаушылар келтірген орасан шығынды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет. Бұл осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет. Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтуде», - деді бүгін Үкімет отырысын ашқан Әлихан Смайылов.