ҚАЗАҚСТАН ҚАНДАЙ ЕЛ?!.
2021 ж. 24 желтоқсан
3164
4
“ҚАЗАҚСТАН - ОРЫС ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН ЕЛ” - деген сөз - “ҚАЗАҚСТАН - ӘЛІ ҚҰЛДЫҚТАН ҚҰТЫЛМАҒАН ЕЛ” -деген сөз?!.
Ресей Президенті Путиннің шындығы бар бұл сөзін біздің биліктегі мемлекеттік тілін білмей-ақ, Ресей тілінде сөйлейтіндер “бізді мақтап жатыр” деп мәз болып, жуып жатқан болар…
Иә, құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады…
Осы біз ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 жылдығын тойлаған жоқпыз ба?!.
Бұл масқарадан құтылудың бір-ақ жолы бар - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МІНДЕТТЕЙТІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ қабылдау керек!
Қазыбек ИСА,
Қазақ үні