КСРО державасын құлатқан қазақ жастары еді - Бейсенғазы Нүкен
2021 ж. 16 қазан
1838
1
Құрметті Қазақ елі, биылғы жыл халқымыз үшін қуанышты жыл. Төл мерекеміз ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тәуелсіздік жолында күресіп өткен бабалар күресінің жалғасы 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісіне» 35 жыл. Желтоқсан айы жақындаған сайын 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісі» көз алдыма келеді де тұрады.
Желтоқсан көтерілісі мен үшін жанымның жарасы. Осы бағытта барлық уақытымды және бар қаражатымды жұмсап қалайда «Желтоқсан оқиғасы» емес,«Желтоқсан көтерілісі» деген ұғыммен тарихта ойып тұрып орнын қалтырып, саяси бағасын алу мақсатына жетсек деймін. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарға мемлекет тарапынан құрметке ие ету. Сол уақыттағы қазақ жастарының Алматы қаласының алаңына шығып «Долой Колбина!», «Қазаққа қазақ басшы болсын!» деп ұрандауы Тәуелсіздік жолында ұлтымыздың намысын қорғап қалған батырлардың алғашқы қадамы еді.
Сол уақыттағы Ұлы держава КСРО-ның қабырғасын қайыстырып бірден бір тарауына себеп қазақ жастарының көтерілісі еді.
Биыл, 2021 жылдың 8 қыркүйегінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” фракциясы мүшесі Қазыбек Иса Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арнайы депутаттық сауал жасады. Сауалда желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға арнайы статус беру, олардың есімдерін ұлықтау керектігі туралы бірқатар өзекті мәселе айтылды. Біз желтоқсандықтар бұл депутаттық сауалды қуана қолдаймыз. Сонда айтылған құнды ұсыныстардың барлығын билік жасауы керек.
2021 жылдың шілде айында ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің желтоқсандық ардагерлері ұйымды құрған бірінші төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы Нүкен және «Желтоқсан Алматы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбек Дүрүмбайұлы Жандыбай, төраға орынбасары Шолпан Майхарина Саматқызы, басқарма мүшелері Жігер Мәдижанұлы Қашкенов, Сапура Паритқызы Тоқсейтова, Бақытгүл Зәкіржанқызы Оспанбаева, Ермек Тұрсынұлы Байболовтар бас қосып ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына желтоқсандықтар атынан желтоқсандықтарға сый тартайық деген шешімге келіп өз қаражатымызбен тасбелгі қоюды шештік. Тасбелгінің эскизін жасап Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігіне ұсыныс еттік, өтпеді. Бір кездесуде Алматы облысы, Талғар ауданының Мәдениет басқармасы басшысы Фарида Мамырбекқызына Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап тасбелгі қоюды айттық. Фарида Мамырбекқызы бірден қолдап Талғар қаласына орнатуды ұсынды. Ұсынысы ойымыздан шығып 2021 жылдың қазан айының 15 күні тасбелгіміз ‘Желтоқсан 1986 жыл’ құтты орнын тауып Талғар қаласының көркем саябағынан бой көтерді. Ендігі жақсылықтын жалғасы Талғар ауданының әкімдігімен бірігіп келісе отырып 2021 жылдың желтоқсан айының 16 күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күнінде салтанатты түрде ‘Желтоқсан 1986’ тасбелгінің ашылу рәсімін өткізбекпіз. Қазағымның қассиетті де қассіретті айы желтоқсан айында ашылатын ‘Желтоқсан 1986’ тасбелгіміздің ашылу салтанатына қошеметпен күтеміз.
Бейсенғазы Нүкен,
«ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ құрушы бірінші төрағасы