Алматыдағы атыс: Бақытжан Сағынтаев қаза тапқан азаматтардың отбасына барды
2021 ж. 21 қыркүйек
1254
0
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқан азаматтардың отбасына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімі Алатау ауданындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан азаматтардың туысқандары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев олардың отбасына тиісті көмек көрсетілетіні туралы айтқан болатын. Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.