Қазақстанда Facebook пен YouTube бұғаттала ма: депутат заң жобасын түсіндірді
2021 ж. 16 қыркүйек
1171
0
15 қыркүйекте мәжіліс балалар құқығын қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Депутаттар Айдос Сарым мен Динара Сариева заңға Қазақстанда өздерінің өкілдігін ашудан бас тартатын шетелдік әлеуметтік желі мен мессенджерлерді шектеу туралы норманы енгізді. Мәжілісмендердің пікірінше, бұл норма кибербуллингпен күресуге және балаларды одан қорғауға бағытталған, - деп хабарлайды sputnik.kz.
Заң жобасы баланың отбасылық қарым-қатынастағы мүддесін қорғау мен желіде тәрбиеге кері әсер ететін контенттің алдын алуды көздейді.
Қолданыстағы заңда буллинг пен кибербуллинг түсінігі жоқ. Ал көптеген балалар әлеуметтік желідегі әлімжеттіктің құрбаны болып отыр.
Сондай-ақ көрсетуге тыйым салынатын контенттің тізімін құру мәселесі көтерілді.
Депутаттар Facebook, YouTube, Telegram және Twitter сияқты ірі әлеуметтік желілер Қазақстанда заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге және өз өкілдіктерін ашуға тиіс дегенді алға тартып отыр.