Қазыбек ағамызды қорғауымыз керек - Абзал Құспан
2021 ж. 21 тамыз
3206
5
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, белгілі ақын, Мемлекеттік тіл мен ұлттық мүддені қорғап, өткір ойларын батыл айтып жүретін қоғам қайраткері Қазыбек Исаға қарсы жала жауып, шабуыл жасаушылардың аз емес екенін бұған дейін талай жазғанбыз. Ұлтшылдарға ұйымдасқан түрде жасалып жатқан шабуыл туралы бүгін "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде "МЕНІҢ ҚАНША АДАМДЫ “ӨЛТІРГЕНІМДІ” ҰМЫТЫП КЕТІПТІ ЖАЛАҚОРЛАР!" атты Қазыбек Исаның мақаласы жарияланған болатын.
Аталмыш мақала қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Белгілі зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, журналистер мен қоғам қайраткерлері де өз үндерін қосып, жала жабушылырға қарсы пікірлерін жазуда.
"Қазақ үні" ақпарат агенттігі ең белгілі заңгер Абзал Құспанның пікірін оқырман қауымға ұсынуды жөн көрді.
- Қазыбек ағамызды бұл жолы бәріміз қолдауымыз және қорғауымыз керек, неге? Кезінде билікке қазақшыл, ұлтшыл адам керек деп мәселе көтердік. Содан біз ұлтшыл деп жүрген бірқатар азаматтарымыз алды ПӘ/АП-ға, Парламентке барды. Барысымен сөздері де, өздері де өзгеріп шыға келді?! Өзгермеген бір адам болса, ол - Қазыбек аға! Депутат болғанға дейінде, кейінде айтып, көтеріп жүргені, бір мәселе - ұлт мүддесі! Сондықтанда, сөзінен айнымайтын бұндай азаматтарымызды, қолдайық, қадірлейік! - деді А. Құспан.