МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
2021 ж. 14 шілде
2616
0
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен ұйымдастырылған шара Тараз, Талдықорган, Орал қалалары мен Алматы және Ақмола облыстарында да қолға алынып, 1000 отбасыны қамтыды.
Іс-шара аясында мұқтаж отбасыларға ұн, картоп, жеміс, күріш, қарақұмық, шәй, қант, күнбағыс майы сияқты азық-түлік пен гигиеналық заттар берілді. Қайырымдылық шарасына іліккен әр отбасы 130 келіге дейін тауар алып отыр. Короновирус пандемиясы кезінде көп адамдар жұмыстарынан айырылып қалды. Көп отбасылардың жалақасы белгілі бір мөлшерде қысқарып, бұл жағдай олардың әлеуметтік әл-ауқатына тікелей әсер етті. Осы орайда біз «Елбасы жылуы» идеясын қолға алып, оны қарқынды жүзеге асырудамыз. Бұл қайырымдылық іс-шара шілденің 15-іне дейін жалғасын табады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.
qazaquni.kz