"Әміржанды қан-жоса етіп сабап кетті" - Роза Қосанова
2021 ж. 04 тамыз
3010
8
Саясаткер Әміржан Қосанов "Еуразия" бірінші арнасына берген сұхбатында бұған дейін еш жерде айтылмаған құпияларына ашық тоқталды. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.
Қосановты әйелімен үйіне барар жолда кездейсоқ көшеден қарақшылар ұстап алып, соққыға жығып өлтірмек болған.
- Бір отырыстан түнделетіп келе жаттық. Үйдің қасына жақындай бергенімізде, беттеріне қара маска киген 3-4 жігіт атып шығып, екеумізді ұрып-соға бастады. Менің аяғым ауыр болатын. Ол айғайлап жатты әйеліме тимеңдер, аяғы ауыр деп. Мен айғайлап, жалынып жаттым күйеуімді өлтірмеңдерші деп... Осы кезде үстіңгі қабаттағы орыс апа оянып кетіп, милиция шақыртып аман қалдық. Сол кезде Әміржанды қан-жоса етіп сабап кетті, деді саясаткердің жары Роза Қосанова.
Ол оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған бірақ, шабуыл жасаған жандар сол бойы табылмаған.