Әкімдердің көбі пандемия сынағын «үшке» тапсырды – Қасым-Жомарт Тоқаев
2021 ж. 19 шілде
1607
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде вакцинамен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсететін көшпелі бригадаларды шұғыл құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Пандемия аймақ басшылары үшін өзіндік емтихан болды. Бұл емтиханды әкімдердің кем дегенде жартысы «үшке» тапсырады», - деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы вакциналау ісінде өңірлердің «температурасын» жіті бақылау маңызды екенін айтты.
«Вакцинациямен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды шұғыл қалыптастыру керек. Аймақтың ерекшелігін ескеру, көңіл-күйді алдын ала зерттеу, «температураны»өлшеу өте маңызды», - деді Президент.