Маңғыстау облысында мұнайшылар наразылыққа шықты
2021 ж. 28 мамыр
2601
0
Маңғыстау облысында мұнайшылар наразылыққа шықты. «Мұнайтелеком» компаниясына қызмет көрсететін серіктестік жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп отыр, - деп хабарлайды КТК.
Жетібай, Жаңаөзен, Қаламқас кен орнында жұмыс істейтін «Мұнайтелеком» серіктестігінің 100-ден аса қызметкері екі күннен бері жұмысын тоқтатып тастады. «Жалақы көбейтілмесе, қимылдамаймыз» деп отыр. «Мұнайтелеком»компаниясында штатта жұмыс істейтін қарапайым қызметкерлер 500 мың теңге жалақы алады екен. «Ал дәл сондай жұмыс істейтін бізге небәрі 120 мың теңге төленеді» - дейді. Тіпті сәуір айында компания басшылығы айлықты көтермеу үшін қитұрлық жасап слесарь, инженер мамандықтарының атауын жөндеуші,реттеуші қылып өзгертіп жіберген көрінеді. «Наразылық білдірсеңдер, жұмыстан шығарамыз» деп қорқытыпты. Ал еңбек инспекциясы жағдайды толық зерттеу үшін жұмысшылардың арызы қажет деп отыр.
Мерей Мәжитов, Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:
- Еңбек инспекторлары "Қаламқас" кен орнына барып ҚР Еңбек кодексінің заң талаптарына сай түсіндіру жүргізді. Талаптарды орындау мақстатында арыз жазу керек екені түсіндірілді. Егер арыз жазылса, мәселе заң аясында біздің басқармамен қаралады.