Дәрігерлер вирус жұқтырған мыңдаған адамның көздерін алып тастаған
2021 ж. 24 мамыр
4215
0
Үндістанда дәрігерлер коронавирус арқылы «қара зең» (мукормикоз) ауруын жұқтырған мыңдаған адамдардың көз жанарын алуға мәжбүр болды. Науқастардың 60 пайызға жуығы осындай процедурадан өтті. Бұл туралы британдық Daily Star газеті жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Басылым Анил Ванкхед есімді науқастың жағдайын сипаттайды. COVID-19 дертінен емделіп жатқан ауруханадан шыққаннан кейін 54 жастағы ер адамның басы ауырып, оң көзі ісінген. Кейіннен оған мукормикоз диагнозы қойылды. Дәрігер емдеудің жалғыз нұсқасы - бұл синусын және оң көзін алу хирургиясы деп тапқан
Қара зең инфекциясының өршуіне байланысты дәрігерлер 20 жасар жас пациенттердің де көздерін алып тастауға мәжбүр болуда, дейді дәрігер Мурарджи Гадж.