COVID-19-бен ауырған науқастар шипажайға тегін жолдама ала алады
2021 ж. 19 мамыр
1048
0
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар шипажайға тегін жолдама ала алады, деп хабарлайды zakon.kz.
Науқас міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған жағдайда жолдама беріледі. Учаскелік дәрігер нұсқауы бойынша науқасты жекеменшік немесе мемлекеттік сауықтыру орнына жатқызуға "Орналастыру бюросы" арқылы жібереді, - делінген Хабар 24 хабарламасында.
COVID-19 жұқтырып, емделген науқастығ қайта қалпына келу үшін сауықтыру орнында 14 күн ем-дом алу керек, атап айтқанда, тұз бөлмесіне бару, көп серуендеу, уақ-уақ тамақтану және түрлі ем-домдар.Егер науқас стационарлық деңгейде коронавирустан емделсе, оңалту кезеңі аурухананың қабырғасында басталып кетеді. Оңалтудың келесі кезеңі емханада, яғни күндізгі стационарларда емделгендер жатады. Мұндайда ем-дом бойынша шешімді терапевт қабылдайды. Учаскелік дәрігер науқасты тексеріп, дертінің қаншалықты ауыр өткенін анықтағаннан кейін терапевтке жолдама береді. Ал ол өз шешімін шығарып, науқасқа қандай оңалту шараларын белгілеуге болатынын көрсетеді, соның ішінде телемедицина мен ақпараттық технологияларды қолдануға болатын-болмайтынын да шешеді, деп хабарлады sputnik.kz.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған науқастар ғана коронавирус инфекциясынан емделгеннен кейін сауықтыру процедураларын ала алады.
Мұндай қызметтерді сақтандырусыз пайдалану мүмкін емес екендігі атап өтілген.
Сондай-ақ, сауықтыруға жіберілген кезде қазақстандықтар міндетті түрде COVID-19 бойынша ПТР-тест тапсыру керектігі айтылады: егер тест ковидті анықтаса, онда сауықтыруға тыйым салынады, керісінше ол адам ауруханаға тікелей жіберіледі.