Қазақстан коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа қайтадан түсті
2021 ж. 19 мамыр
1068
0
Қазақстан коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша "қызыл" аймаққа қайта оралды, деп хабарлайды zakon.kz.
19 мамырдағы бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент қаласы да "қызыл" аймаққа оралды. Сонымен қатар: Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары қауіпті аумақта қалып отыр.
"Сары" аймақта - Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Алматы облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта болып табылады.
Матрица бойынша Қазақстан тағы да "қызыл" аймаққа түсіп отыр.