Үш адам жиналып қазақша сөйлессе, неге орысша сөйлемейсің деп сөгетін - Мұрат Ахмадиев
2021 ж. 17 мамыр
2274
1
Алматыдағы "Ұйғыр музыкалық комедия театрының" бас директоры Мұрат Ахмадиев мемлекеттік тілге қатысты ойымен бөлісті.
Ол stan.kz сайтына берген сұхбатында отбасында қазақ тілінде сөйлеу маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды «Қазақ үні».
- Қазақ тілі бірінші орынға шығып, халық толық меңгеруі үшін уақыт керек. Бұрын жағдай, тіпті жаман еді. Тәуелсіздік алмай тұрып екі-үш адам жиналып қазақша сөйлессе, неге орысша сөйлемейсің деп сөгетін, қазақ тілді мектептер аз болатын. Ал қазіргі таңда керісінше, неге қазақша сөйлемейсің деп ескертеміз. Дегенмен тілді үйрету отбасынан басталу керек. Үйдегі тәрбие мен ата-ана қадағалауы мықты болуы керек. Менің екі балам да қазақшаға судай, екеуі де қазақ тілді балабақшаға, мектепке барды. Отбасыда әке-шешесі қандай тілде сөйлесе, балалары да сондай тілде сөйлейді, деді М. Ахмадиев.