Президенттің тапсырмасы бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды
2021 ж. 13 наурыз
1375
0
ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев Алматы маңында болған ұшақ апатының әуе апатының себептерін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды «Қазақ үні» Мемлекет басшысының Twitter-іне сілтеме жасап.
«Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек», деп жазды ҚР Президенті.
Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшырады.
Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.