Танымал әртіс басты рөлдер үшін күйеуінің көзіне қалай шөп салғанын айтып берді
2021 ж. 03 наурыз
3268
0
Актриса Татьяна Васильева басты рөлдерді алу үшін күйеуінің көзіне қалай шөп салғаны туралы ашық айтты. Театр әртісі опасыздықты жаман нәрсе деп санамайтынын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
74 жастағы ресейлік актриса өзінің бұрынғы күйеуін алдап, режиссермен көңіл қосқанын мойындады. Бұл байланыс туралы оның күйеуі ғана емес, театр ұжымы да білген екен.
- Барлығы өз уақытында болады. Ұялшақ, қорқақ қыз болған кездерім де болды. Сосын өмірде өз орнымды табатын уақыт келді. Мен ешкімге жамандық жасаған емеспін. Режиссердің ұсынысын қабыл алмасаң, бұл мамандықта өз орныңды таба алмайсың? Бұл осы мамандықтың шарты. Қазір тек талант жеткіліксіз, - деді Татьяна Васильева Вячеслав Манучаровқа берген сұхбатында.