Қарағанды облысында ер адам бір жасар баланы белбеуімен буындырып өлтірді
2021 ж. 03 наурыз
1712
0
Қарағанды облысында ер адам өгей ұлын белбеуімен буындырып өлтірді. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2020 жылдың мамырында Қаражал елді мекенінде болды.
Психологиялық, психиатриялық және наркологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қылмыс жасалып, айып тағылған кезде қылмыскерде уақытша психикалық ауытқулар болмаған, ол қатты эмоционалды толқу жағдайында болмаған (құмарлық).
Қылмыскер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол төтенше қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді.