Вакцинациядан кейін қазақстандықтарға QR код беріле бастайды
2021 ж. 03 ақпан
950
0
COVID-19-қа қарсы вакцинациядан кейін қазақстандықтарға QR кодтар беріледі, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Жеке иммундық мәртебесі туралы QR код ақпаратымен қамтылған Egovmobile мобильдік қосымшасын іске қосу жоспарланып отыр, ол Ashyq медициналық қосымшасына кіріктірілген, - деді Цой.
Оның айтуынша, онда азаматтардың медициналық ақпараттық жүйесі толықтырылған, соның ішінде QR-код та бар, ол арқылы адамның COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткен-өтпегендігін білуге болады.
Министр ел азаматтарын коронавирусқа қарсы вакцинациялау және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық шаралар қабылданғанын және 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинациялау науқаны басталғанын еске салды.
Осы жоспар аясында вакцинацияны ұйымдастыруға және жүргізуге арналған әдістемелік ұсыныс жасалды, сонымен қатар вакциналарды сақтау мен тасымалдау ережелері түзілді, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде, - деді Цой.