Жер тағдыры, ұлт қауіпсіздігі үшін сайлауда "Ақ жол" партиясына дауыс беруге шақырамын! - Талғат Қатауов

ЖЕР МӘСЕЛЕСІНДЕ "АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫН ҚОЛДАЙМЫН!

ПАРТИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТТА ЖЕР МӘСЕЛЕСІНДЕ "АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫ КӨШ ІЛГЕРІ БОЛДЫ.

Мен, Талғат Қатауов Тұрсынғалиұлы, ешқандай партия мүшесі емеспін. Өз елімнің ұлтшыл патриоты ретінде жер мәселесін көтерген қозғалыс және жекелеген адамдармен бірге жер мәселесін көтеріп, әр өңірдегі жер дауын шешуге атсалысып, 2003 жылы қабылданған Жер кодексіндегі "жеріміз шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі" деген 24-бабты түбегейлі өзгерту үшін заң аясында күресіп келемін. Осы мақсатта жеті мыңға жуық Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы атынан Президент пен Парламентке халықтың ұсыныс-талаптарын бірнеше рет жазып жеткіздім және бұқараның талабы орындалғанша халықтың наразылығын президент пен парламентке жеткізе беремін. ПАРТИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТТА ЖЕР МӘСЕЛЕСІНДЕ "АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫ КӨШ ІЛГЕРІ БОЛДЫ. 30 желтоқсанда «Хабар» теле арнасында өткен пікір- сайыс жер мәселесінде бес партияның бағыт-бағдары мен көзқарастарын ашып берді. Жер мәселесінде "Ақ жол" демократиялық партиясы "жерімізді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге қарсы екенін нақтылап ашып айтып, партияның ұстанымы мен көзқарасын айқын білдірді. Қалған партиялардың ұстанымы бұлыңғыр болып, сөзбұйдаға салынды. 2003 жылы "Нұротан" партиясы бірауыздан қабылдаған "Жер" кодексінде "Жер шетелдіктерге сатылады" деген бір сөз де, бір бап та жоқ. Жер кодексінің 24-бабында: "жер шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі" деп тайға таңба басқандай жазылса да, билік партиясы ол туралы мүлде айтпады және айта алмайды да. Себебі, 2003 жылы қабылданған Жер заңына "Жер шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі" деген бапты сол кезде жалғыз-дара парламентте отырған "Нұротан" партиясы бірауыздан енгізген еді. РЕСЕЙ ДЕПУТАТТАРЫНА ЖЕРІМІЗГЕ КӨЗ ТІККЕН СӨЗДЕРІНЕ, "АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫ ҚАТТЫ СОҚҚЫМЕН ЖАУАП ҚАЙТАРДЫ Соңғы кезде Ресей депутаттары арам пиғылмен бірінен соң бірі ата-бабамыз бізге аманат етіп қалдырған ұлан-байтақ жерімізге көз тігіп, "Қазақстанның солтүстік аймағы біздің берген сыйымыз" деп ашық айтқан кезде басқа партиялардың үні өшіп қалғанда, «Ақ жол» партиясы ғана ресейлік депутаттардың көрші елдердің татулығын бұзуға апаратын арам ойлы әрекеттерін қатаң айыптап, ресми мәлімдеме жасады. АТА-БАБАМЫЗ ЖЕРДІ АҚ НАЙЗАНЫҢ ҰШЫМЕН ҚОРҒАСА, БІЗ САЙЛАУДА "АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІП, ЖЕРІМІЗДІ САҚТАП ҚАЛАЙЫҚ! Жер -сенің анаң, апаң, қарындасың және жұбайың. Оларды жат жұртқа жалға бергің келмесе, 10 қаңтарда өтетін Парламенттік сайлауда "Ақ жол" демократиялық партиясына дауыс беріңіздер және өзгеге үгіт-насихат жүргізіңдер! Осыдан 100 жыл бұрын Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов "Жер дегенде дірілдемей болмайды" деген болатын. Бұл сөздің мәні әлі күнге дейін жойылмады, қайта нығая түсті. Парламент сайлауына түсетін бес партия ішінде Алаш партиясының жолын ұстанған "Ақ жол" демократиялық партиясы ғана жер мәселесі дегенде дірілдеп, өз ұстанымын нақты көрсетуде. Көрші Ресей елінің шовинистері жерімізге көз тігіп отырғанда және қара қытай сауданы сылтау етіп елге енгенде, ұлт тағдыры мен ұрпақ болашағын ойлап, бәріміз қатты дірілдеуіміз қажет. Бойында қазақ қаны, жүрегінде ұлттық және жігіттік намысы бар ер азамат өз анасын, апасы мен қарындасын және жұбайын жат жұрттық адамдарға 25 жылға жалға, күң етуге, мазақ етуге бермейді. Ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті ұлан-байтақ жерін шетелдіктерге жалға бергізбеу үшін және Жер кодексіне өзгеріс енгіздіру үшін "Ақ жол" партиясы атынан түсетін депутаттар көп болу тиіс. Жер дауын түбегейлі шешіп, жер кодексіндегі "жер шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі" деген бапты жою үшін "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНА дауыс беруге міндеттіміз және тиістіміз! Талғат Қатауов Тұрсынғалиұлы, Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы, қоғам белсендісі, жер жанашыры

"Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаражатынан төленді