Нұр-Сұлтан қаласында блок-бекет қойылуы мүмкін бе?
2020 ж. 14 желтоқсан
1317
0
Елорданың айналасына блокбекеттер қойылмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
Қала жабылмайды. Мүмкін қалаға кіріп-шығатындар үшін ПТР-сынамалары талап етілетін болар. Бірақ ешқандай блок-бекеттер қойылмайды, - деп сендірді Пірәлиева.
Ол, мысалы, Шығыс Қазақстан облысында күн сайын 200-ден астам жағдай тіркелетіндіктен, бақылау бекеттері орнатылғанын түсіндірді. Нұр-Сұлтанда дәл қазір мұндай науқас жоқ.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Петропавл маңында бақылау-өткізу бекеттері орнатылған болатын.
2020 жылдың қараша айының соңында Маңғыстау облысында өткізу пункттерін орнату мәселесі де қаралды.