Елорда полицейлері дәріханадан ақша ұрлаған ер адамды ұстады
2020 ж. 16 қараша
1336
0
Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында 32 жастағы ер адамның түнгі уақытта дәріханалардың бірінің құлпын бұзғаны анықталды. Ол күзет дабылы болмаған дәріханаға кіріп, кассадан 13 мың теңгені ұрлап, белгісіз бағытта жасырынып кеткен.
Ұсталған ер адам жеке мүлікті ұрлағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Күдікті жасаған іс-әрекетін мойындады және дәріхана иесіне ұрланған ақшаны қайтарып берді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға мұқият болуды, бағалы заттарын және ақшалай қаражаттарын қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ, шағын және орта бизнес объектілеріне күзет дабылын орнатуды ұсынады.