Ерлі-зайыпты алматылық келіншекті зорлап, азаптап, оны видеоға түсіріп алған
2020 ж. 21 қазан
1567
0
Қатыгездікпен жасалған қылмыс жайында «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жариялады.
Оның айтуынша, оқиға 26 қыркүйек күні Алматыда болған. 33 жастағы келіншекті 48 жастағы құрбысы болашақ күйеуімен таныстыру мақсатында үйіне қонаққа шақырған. Бірін-бірі бұрыннан білгендіктен, шақыртуға еш күмәнсіз келісе кеткен. Сөйтіп құрбысның үйіне қонаққа барған. Ал ол үйдің тәулікке жалданатын пәтер екенін келіншек кейінен білді, деп хабарлайды aikyn.kz.
Құрбысының болашақ күйеуімен табысқанын атап отырғанда, келіншек аяқасты өзін жайсыз сезініп, есінен таңып қалған. Ары қарай не болғанын бңлмейді. Әйтеуір, күштеп бірдеңе ішкізгені, артынан оны ұрып-соққаны, зорлағаны. Ойында бәрі үзік-үзік қана.
«Кейін анықталғандай, келіншекті түнгі екіге дейін зорлап, азаптаған екен. Сол әрекетінің бәрін ұялы телефонның камерасына түсіріп алған. Оның мұндай азаптан қалай тірі қалғанын білмеймін, бірақ бұл – нағыз тозақ. Тән мен жанды мазақ етуі ғой. Құдай оңдап, ол олардан қашып құтылудың жолын тауып, сол үйде тұратын туысының пәтерін паналаған. Бір жағынан біреуге айтуға қорықса, екіншіден – ел-жұрттан ұялды. Бірақ ағайын-туысының қолдауымен оқиғаның мән-жайын айтып, полицияға арыздануға бекінген» дейді Дина.
Ал полиция келгенде ерлі-зайыпты пәтерінде әлі ұйықтап жатқан екен. Сол түннің оқиғасы түсірілген видео да табылды. Олар 33 жастағы келіншекті өзге заттармен зорлап, қинаған. Ал оны құрбысы видеоға түсіріп тұрған.
«Тексеру кезінде әйелдің жыныс мүшесінің бірнеше жерден жыртылып, тесілгені анықталған. Дене бойын тістелеп, көкала етіп сабап тастаған. Ол әлі де емделуі керек, тіпі, оа жасауы мүмкін. Өйткені келіншектің үлкен дәреті ұстамай қалған, оның жүрмек түгілі отырудан қалған», – дейді құқық қорғаушы.
Қазір Түрксіб аудандық полиция бөлімінің тергеушісі ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша іс қозғады – 120, 1 бөлім (зорлау) және 121, 1 бөлім (жыныстық сипаттағы күш қолдану). Сол үшін ер адам қамауға алынып, ал әйел тек іс бойынша куәгер болып қалған екен.