ТҰРАН ЕЛДЕРІНІҢ ТУЫ БИІКТЕЙ БЕРСІН!
Ертең, 18 қазанда Тәуелсіздік алғандарына 29 жыл толатын Әзірбайжан ағайындарға Алла жар болсын!
Алла әділ соғыс жағында! Ендеше, елін,жерін әділетсіз басқыншылық пен шабуылдардан қорғап жатқан, ұлы ақын Низамидың отандастары Жеңіске жетер күн де жақын! Қылышынан қаны тамған қаһарлы Кеңес империясы кезінің өзінде, 1955 жылы әзірбайжан тілін Мемлекеттік тіл етіп жариялаған Ер халық қой бұл бауырларымыз!
Біздің барлық елге тілейтініміз - Бейбітшілік пен берекелі өмір!
Осындай мерекелі күнге арналып, елорданың ең көрнекті жарнама экранына айналған ҚТЖ ғимаратындағы лэдта Әзірбайжан туы жарқырап тұр бүгін! Ілген Халықаралық Түрік Академиясы!
Жарайсың, Darhan Qydyráli
бауырым! Алла разы болсын!
Алаштың ақиығы Мағжан ақын жырлаған Тұран елдерінің Туы биіктей берсін!
Қазыбек ИСА,
Қазақ үні