Кісі қаққан көлік Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі болып шықты
2020 ж. 08 қазан
1378
0
2019 жылдың 13 қазанында кешкі сағат 21.00 шамасында Теміртау - Нұра - Нұр-Сұлтан тасжолында елордаға қарайғы бағытта - Ахмет Нұрин ауданы маңында 34 жастағы Ерлан Омарқұловты көлік қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Кейін кісі қаққан көлік танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Kokshetau.asia.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиғадан кейін марқұмның туыстары кісі қаққан қара Lexus көлігі Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін білген.
Негізінен, бұл іс бойынша 25 жастағы жігіт тергеуге алынып жатыр, ол бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты. Оған қоса, автокөлікті сақтандыру полисіне Тұрсынбек Қабатов пен оның ағасының аты-жөні енгізілген.
Марқұмның анасы Дажан Омарқұлова құқық қорғау органдары оның ұлының өлімінің барлық жағдайларын әділ зерделеп, кінәлілер жазасын алады деп үміттенеді.