"Қатаң карантин енгізіле ме?" - Елорданың бас санитарлық дәрігері жауап берді
2020 ж. 30 қыркүйек
1156
0
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева коронавирусқа қатысты талаптар сақталмаса, онда қатаң карантиндік шаралардың қайта қабылдануы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Есепті кезеңде фармацевтикалық компаниялар қызметінің мониторингі нәтижелері бойынша 102 субъект тіркелмеген дәрілік препаратты сату және дәрі-дәрмектерге белгіленген шекті рұқсат етілген бағадан асып кету фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ол баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол дәрігерлер мен мамандар бірнеше рет тұрғындарды бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу туралы қарапайым талаптарды орындауға үндеу жасағанын атап өтті.
«Бірақ бәріміз көріп отырғанымыздай, бұл талаптар еленбейді және сақталмайды. Егер осылай жалғаса берсе, жалпы қала бойынша КВИ ауруының өсуіне әкелуі мүмкін. Біз белгілі бір қызмет түрлерін тоқтата отырып, қатаң шектеу және карантин шараларын қайта енгізуге мәжбүр боламыз. Осыған байланысты тағы да қала тұрғындары мен қонақтарын шыдамдылыққа, санитарлық ережелерді сақтауға шақырамын. Себебі вирустың таралуы жалғасуда», - деді Пралиева.