"Әліппемен" әріп тану тиімді
2020 ж. 28 тамыз
1204
0
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Әліппеге қатысты шешім қабылдадық. Оны біз айтқан едік. Бұл өте маңызды мәселе. Біріншіден, мемлекеттік стандартқа енгізілді. Ол әділет органдарында тіркелді. Қазір бағдарламаны дайындап, бекітуге әзірміз. Бұл бағдарлама ең бастысы Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде болады. Бірақ, әдістеменің негізінде деген сол жылдардағы әріптермен, тек қана сол негізде болады деген сөз емес. Ең бастысы әдістемесі. Осы әдістеменің негізінде қазақ тілінің өзіне тән қасиеттерін біле отырып бағдарлама дайындау маңызды болып отыр», деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз
мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның атап өтуінше, аталған бағдарлама енгізілгеннен кейін 1сынып оқушылары 1 және 2тоқсанда Әліппені оқиды. Ал 3 және 4тоқсанда Ана тілімен білім алады. «Бұл өте маңызды. Сондықтан тек қана формалды жағынан емес, ең бастысы мазмұны жағынан қарағанда да балалар үшін тиімді болады. Өйткені, балалар келе сала дайын тұрған мәтінді оқымауы тиіс. Балалар 1сыныпқа әртүрлі деңгеймен келеді», деді Асхат Аймағамбетов.
З.Қабиоллаұлы
qazaquni.kz