Оңтүстікте біртұтас туристік жоба жасалды
2020 ж. 28 тамыз
1167
0
Түркістан облысы мен Шымкент қаласының туризм басқармаларының басшылары Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында біртұтас туристік бағыт ұстануға арналған өзара меморандумға қол қойды.
Мұндағы мақсат – Түркістан облысы мен Шымкент қаласын біртұтас туристік бағыт ретінде одан әрі дамыту. «Өңірлерде туризмнің тарихимәдени, экологиялық, экстремалды, гастрономиялық және басқа да түрлерін дамытуға зор мүмкіндік бар. Қарапайым мысалы, Қ.А.Ясауи кесенесіне мінәжат ету туры Шымкент қаласының аумағында орналасқан атақты сопының атаанасы – Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелеріне барудан басталады. Яғни, Түркістан мен Шымкентті қай жағынан алып қарасаңыз да бөліп қарауға келмейтін ортақ дүниелерге бай. Осы
ретте бүгінгі екі жақты меморандум алдағы уақытта өзінің жемісін беріп, сәтті жобаларды жүзеге асыруға сеп болады», – деді облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлмира Ахбердиева. Ал, Шымкент қаласы әкімдігі туризм басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Шинтаев бұл құжат бірыңғай туристік бағытты қалыптастыруға және ілгерілетуге, одан бөлек инфрақұрылымды жетілдіруге мол мүмкіндік беретінін атап өтті.
qazaquni.kz