Қазақстанда кімдерге алғаш рет 830 мың теңгеден төленетіні белгілі болды
2020 ж. 24 тамыз
1068
0
Биыл "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталғандарға 830 мың теңгеден төленеді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов тамыз кеңесінде мәлімдеді.
Биыл елордалық мұғалімдер алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады. Медаль иелеріне 830 мың теңгеден (300 АЕК) төленеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Көлгінов осы жылдың қаңтарынан мұғалімдердің жалақысы 25%-ке өскенін атап өтті. Айтуынша, 2024 жылға дейін еңбекақы 25%-ке артады.
"Былтыр біз өз тарапымыздан қайтарымсыз негізде әлеуметтік жәрдемақы түрінде 1 миллион теңге мөлшерінде 275 тұрғын үй сертификатын бөлдік. Осы жылы да мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз", - деді әкім.
Ол былтыр жұмысын енді бастаған мұғалімдер үшін 350 орындық жас педагогтар үйі салынғанын айтты.
Ал биыл "Қазақстан ипотекалық ұйымымен" бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтерді сату туралы келісімге қол қойылған. Бұл баспанаға мұғалімдерден басқа медицина қызметкерлері, полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері де үміткер бола алады.