Министр жастармен жүздесті
2020 ж. 20 тамыз
1050
0
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Zoom тұғырнамасында президенттік кадрлық резервке кірген жастармен онлайн режимде кездесті.
Жиын барысында министр: «Маңызды салалардың бірі – жастар саясаты. Біз әдістерін өзгерттік. Олар жастардың жас ерекшеліктеріне байланысты қызығушылықтарына және әлеуметтік санатын орай сараланады. Әлеуметтендірілген топтың бар екендігі түсінікті. Бірақ, Біз қамтымаған жастар да бар. Олармен өзара іс-қимылды қалай жолға қою керек, қандай жобаларды жүзеге асырған жөн деген мәселелермен жұмыс істеу қажет. Осы орайда жастардың белгілі бір санатына қызықты жобалар ұсынғандарыңызды қалаймыз», – деп жастар саясатының маңыздылығын атап көрсетті.
Аида Ғалымқызының атап өтуінше, отбасылық саясат саласында отбасылық құндылықтарды насихаттау ісіне барынша көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені, жаһандану дәуірінде ұлттық тілден, мәдениеттен, салт-дәстүрден айрылып қалмау үшін Ұлттық кодты сақтап қалу да маңызды мәселелердің бірі.
Сондай-ақ, Аида Балаева бүгінгі қоғамдағы ең бір өзекті мәселелердің бірі – жастар арасындағы ажырасу ісіне де тоқталып өтті. «Мұның барлығы отбасыдан басталады. Сондықтан осынау отбасылық құндылықтарды насихаттау маңызды. Ажырасу саны артып барады. Себебі сан алуан: мінездің үйлеспеуі, тұрмыстық проблемалар. Осы ретте жас отбасылар арасындағы ажырасу пайызын барынша қысқарту үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауымыз маңызды болып отыр», – деді ол.
Сонымен қатар Аида Ғалымқызы дінаралық келісімді сақтау мәселесін де назардан тыс қалдырмай, деструктивті сектор тарапынан үлкен сын-тегеурін болып тұрғандығын ашып айтты. Проблема адамның діншілдігіне емес, оның діни сауатсыздығында екендігін айрықша атап өтті.
Шара аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі теологтардың белгілі бір діни ұйымның ерекшеліктері жайында қызықты әрі жетесіне жеткізіп айта алмайтындығын тілге тиек етті. Сондықтан, бұл бағытта жаңа формалар мен әдістер әзірлеп жұмысты жаңғырта түсу керектігін айтты.
«Тұрмыстық жанжалдың этносаралық алауыздыққа айналып кетуге бейім екендігін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Бұған жол беруге болмайды. Өйткені, бұл өте нәзік сала. Елімізде орын алған тұрақтылықты сақтау және қарапайым тұрмыстық жандалдарды этносаралық шиеленіске өршуіне жол бермеуіміз керек. Сондықтан өздеріңізді тағы да белсенді ынтымақтастыққа шақырамын», – деді Аида Балаева жастарға қарата.
qazaquni.kz