Өрт орын алған орманда тіршілік көзі бірқатар жылға тоқтауы мүмкін - Оразымбетов
2020 ж. 18 тамыз
1086
0
Орман өртінің шығуының негізгі себептері ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерде құрғақ шөптерді бақылаусыз өртеу, тұрғындардың орман қорындағы және жалпы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы салдарынан, дала өрттері орын алған жағдайда, шұғыл хабарланбауы, шұғыл өшірілмеуі, еліміздің байлығы-ормандарда өрт орын алып жататыны белгілі.
Көп жылдар бойы табиғатта өз бетімен жайқалып өскен немесе адам қолымен отырғызылған жасыл орман бірнеше сағаттың ішінде отқа оранып жойылып кетуі мүмкін. Орман өртінен кейінгі көрініс аянышты болады, яғни көрікті демалыс орындары қара күйе ағаш бағандары мен құлаған ағаш үйінділеріне айналады, ол жерлерде мекендейтін жабай жануарлар мен құстар ауып басқа жерлерге кетеді. Өрт орын алған орман-тоғайларда тіршілік көзі бірқатар жылға тоқтауы мүмкін.
Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары бойынша өрт шығу қауіпі жоғары мерзімде, яғни көктемгі сәуір айынан, күзде қар түскенге дейін, мемлекеттік орман қоры жерлерінде от жағуға, аңшылық құрғанда оталғыш немесе бықсығыш материалдардан оқтын қолдануға, жанармай заттарын сүрткен материалдарды арнайы қарастырылмаған жерлерде тастауға, тракторларды тұншықтырғышы арнайы от жібермейтін құрылғымен жабдықтамағанда, қозғалтқыш қуат көзі жүйесінің ақауы бар машинаны қолдануға, темекі шегуге немесе ашық түрде от қолдануға тыйым салынады. Мемлекеттік орман қоры жерлерімен шектесіп іргелес жатқан учаскелерде құрғақ шөпті, шалғында, жайылымда, орылған егістің орнында жағуға-өртеуге тыйым салынады.
Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, азаматтардан табиғатты оттан қорғауды және әр уақытта өрт қауіпсіздігін сақтауды, орман-дала өртінің шыққанын байқап қалған жағдайда ол туралы тез арада орман шаруашылығының қызметкерлеріне, өртке қарсы қызметіне немесе жергілікті атқарушы органдарына, яғни ауыл әкімдіктеріне хабарлап, одан кейін оны сөндіруге шара қолдануыңызды сұранады.
Н. Оразымбетов,
Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцисының Орман және ЕҚТА бөлімі басшысының м.а.