Жамбыл облысында кәсіпкерлер ауруханаларға оттегі концентраттарын алып берді
2020 ж. 06 тамыз
1246
0
Пандемия кезінде ауруға шалдыққан азаматтарды емдеуге кәсіпкерлер де барынша көмек көрсетуде.
Олардың ішінде, «Қазфосфат» ЖШС-і облыстық ауруханаға жалпы сомасы 8,0 млн теңгеге 16 оттегі концентратын және 2 көпфункционалды төсек сатып алып берген, сондай-ақ жалпы сомасы 69,5 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
«АК Алтыналмас» АҚ-ы жалпы сомасы 42,5 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен. «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы сомасы 6,6 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Тараз қаласындағы «Нұр Ислам» сауда орталығы жалпы сомасы 520,0 мың теңгеге респираторлар мен бетперде сатып алып, ауруханаларға таратқан.
Сонымен қатар, «Көкжиек-2030» ЖШС-і облыстық ауруханаға 5 оттегі концентратын және 5-уін Жуалы, Жамбыл, Талас, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарының ауруханаларына таратқан. Мұқтаж жандарға тегін беру үшін түрлі дәрі-дәрмек салынған пакеттердің 700 данасын «Суперфарм» ЖШС-гі және 150 данасын «Тараз» ӘКК» АҚ-ы Тараз қаласындағы емханаларға өткізген.