"Қазақ үні" мақаласынан кейін «десантшылар» кешірім сұрады (видео)
2020 ж. 04 тамыз
1763
0
Павлодар қаласында өткен десантшылар шеруіне шыққандар қала тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жолдағы төтенше жағдайды жасаған 22 қатысушы анықталып, көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргендер ҚР ӘҚБтК-нің 614 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, 16 адамға қатысты, карантиндік режимді бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы - (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бабы бойынша іс қаралып, Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне жіберілген.
Сонымен қатар, 6 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 602-бабының 1-бөлігі - көлік құралдарының жүргізушілері күндізгі уақытта және (немесе) дыбыстық сигналдарда сыртқы жарық құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
Айта кетейік, күні кеше "Қазақ үні" сайтында бұл мәселеге қатысты белгілі қаламгер Арман Қанидың мақаласы жарияланған болатын. Аталмыш мақалада автор шеру ұйымдастырушылардың кешірім сұрауын талап еткен болатын.