Қазақстанда бір аптада коронавирустан 111 адам көз жұмды
2020 ж. 13 шілде
880
0
Қазақстанда 7-12 шілде аралығында коронавирус індетінен 111 адам көз жұмды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Ақмола облысы – 1,
Ақтөбе облысы – 5,
Батыс Қазақстан облысы – 5,
Қызылорда облысы – 4,
Қарағанды облысы – 37,
Маңғыстау облысы – 4,
Түркістан облысы – 7,
Павлодар облысы – 1,
Нұр Сұлтан қаласы – 18,
Алматы қаласы – 24,
Шымкент қаласы – 5.
Қазақстанда барлығы 59 899 адам індетті жұқтырып, оның 375-і көз жұмды. 33 814 науқас жазылып шықты.