Тоқаев халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды
2020 ж. 08 шілде
1646
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырды, деп хабарлайды "Қазақ үні".
Ол өзінің Twitter-інде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатқанын хабарлады.
Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын, - деп жазды Президент.