Сайрамның бес тұрғыны Сирияда шаһид болуға үгіттеген
2020 ж. 22 маусым
1165
0
Түркістан облысында Сирияға барып шаһид болуға ашық үгіттеп жүргендер ұсталды. Лаңкестікке ашық үндеген Сайрам ауданының 5 тұрғынын ұстауға арнайы жасақ тартылған, - деп хабарлайды КТК.
Бұл азаматтар үгіт-насихаттарында Сирияда лаңкестік жасап жүргендерді «Құдайдың сүйікті құлдары» екенін айтып сендіруге тырысыпты. Сондықтан оларға көмек беру керек деп жас жігіттерді жиһадқа үндеген.
Тергеу кезінде де райынан қайтпайтынын ашық айтыпты. Ал үйлері тыйым салынған небір діни әдебиеттерге толып тұр. Шахид болуды армандап жүргендердің халықаралық лаңкестік ұйымдарға қатысы болуы мүмкін.
Қылмыстық іс қазір екі баппен жүріп жатыр. Сирияны аңсағандар Таяу Шығысқа емес, тергеу изоляторына жөнелтілді.