Әскерге шақырылған үш азаматтан коронавирус анықталды
2020 ж. 08 маусым
1175
0
ШҚО Зайсан қаласының №2017 әскери бөліміне әскери міндетін атқаруға жолданған Шымкент қаласының азаматтарынан коронавирус анқыталды. Бұл туралы Зайсан қаласы әкімдігі хабарлады.
2020 жылдың 4 маусымында Шымкент қаласынан әскер қатарына шақырылған 33 азамат ШҚО Зайсан қаласының №2017 әскери бөліміне әскери міндетін атқаруға жолданды. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 қаулысының 2-ші бөлімі, 24-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес, зертханалық тексеру ПТР (ПЦР) нәтижесін алғанға дейін әскерге шақырылушылар мен олармен қарым-қатынаста болған қызметкерлер оқшаулануда болды,-делінген хабарламада.
Осы жылдың 5-ші маусым күні әскерге шақырылғандардан ПТР анализдары алынып, анализ нәтижесі 7-ші маусымда белгілі болған.
Бүгінгі күні 33 азаматтың 7-нің анализ нәтижелері Covid-19 коронавирусттық инфекциясына оң қорытындыны көрсеткен. Осыған байланысты, аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігерлері 7 азаматты қосымша тексеруден өткізіліп, оның 4-нің дене қызуының жоғары болуына байланысты Өскемен қаласына жіберген. Ал, 3 азамат әскери бөлімде оқшауланған.
Сонымен қатар, вирус анықталған әскерге шақырылушылармен байланыста болған 13 әскери қызметкерлерден ПТР анализы алынып, Өскемен қаласына жолданды.
Бұл азаматтар №2017 әскери бөлімінде 14 күнге оқшауланып, бақылауда болады. №2017 әскери бөлімінінде Covid-19 коронавирусттық инфекциясын алдын-алу мақсатында толық санитарлық-эпидемилогиялық іс-шаралар жүргізілді,-делінген хабарламада.